Австралия Қорғаныс министрлігін алғаш рет әйел басқарады

Фотография - Австралия Қорғаныс министрлігін алғаш рет әйел басқарады

Бүгін, дүйсенбіден бастап, Малкольм Тёрнбулл басқарған Австралияның жаңа үкіметі өз жұмысына кірісті

180 0

Бүгін, дүйсенбіден бастап, Малкольм Тёрнбулл басқарған Австралияның жаңа үкіметі өз жұмысына кірісті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Өткен аптада премьер Тони Эбботтың қызмет орнын ауыстырған Тёрнбулл министрлер кабинетін түбегейлі өзгерткісі келетінін мәлімдеді. Жаңа үкіметтегі министр әйелдердің саны екіден беске дейін өскен. Сенатор Марисс Пейн ел тарихында алғаш рет Қорғаныс министрінің қызметіне тағайындалды.

Үкімет құрамына сегіз жаңа министр кірді, олардың ант беру рәсімі бүгін Канберрада өтті.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!