Қажылыққа 1,3 млн мұсылман қатысады

Фотография - Қажылыққа 1,3 млн мұсылман қатысады

Сауд Арабиясы қажылыққа қатысатын мұсылмандарды қабылдау рәсімін аяқтады. Жалпы, Меккеге келгендер саны биыл 1,3 миллион адамнан асып жығылады

137 0

Сауд Арабиясы қажылыққа қатысатын мұсылмандарды қабылдау рәсімін аяқтады. Жалпы, Меккеге келгендер саны биыл 1,3 миллион адамнан асып жығылады. Бұл жайында елдің паспорттық бақылау қызметінің директоры Сүлеймен Әбдел Әзиз әл-Яхия мәлімдеді деп жазады РИА Новости. 

Оның айтуынша, келушілердің тек 49 мыңы ғана жер бетімен жүретін көліктермен келген (автокөлік, пойыз, кеме). Ал, қалғандарының барлығы ұшақтың қызметіне жүгініпті.

Айта кету керек, қажылық кезінде елде қандай да бір саяси науқанға тыйым салынады. Ал, бұл талапты бұзған кез-келген адам қамауға алынбақ деп мәлімдеді Саудияның ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф.

Қажылықтың аяқталуымен бүкіл әлемде Құрбан айт мейрамы басталатыны белгілі. Осы мерекеге орай, елімізде 24 қыркүйек демалыс деп жарияланған. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!