Instagram қолданушыларының саны 400 миллионнан асты

Фотография - Instagram қолданушыларының саны 400 миллионнан асты

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары бар-жоғы тоғыз айда 100 миллионға артып, 400 миллионнан асты. Бұл туралы сейсенбі күні фотосервис блогында жарияланды.

239 0

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары бар-жоғы тоғыз айда 100 миллионға артып, 400 миллионнан асты. Бұл туралы сейсенбі күні фотосервис блогында жарияланды, деп хабарлайды bnews.kz lenta.ru ға сілтеме жасап.

Instagram-ның мәліметінше, сервис қолданушыларының 75%-дан астамы АҚШ-та тұрмайды. Аудитория өсімінің жартысынан астамын Еуропа мен Азияның қолданушылары қамтамасыз етіп отыр. Атап айтқанда, Бразилия, Жапония мен Индонезия тұрғындары ерекше белсенділік танытуда.
Instagram-ның тұрақты қолданушылары 200 миллионға жеткені туралы 2014 жылдың желтоқсанында хабарланған еді. Фотосервистің хабарламасында Instagram сан жағынан 316 миллион қолданушысы бар Twitter-ді басып озды.
Instagram іске қосылған төрт жылдың ішінде сервиске орналастырылған фотосуреттер 30 миллиардтан асыпты. Қолданушылар күн сайын 70 миллионнан астам фотосурет пен видеоролик жарияласа, оларға күніне 2.5 миллиард лайк басылады екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!