Грекияда жаңа үкімет құрылды

Фотография - Грекияда жаңа үкімет құрылды

Грекияның премьер-минстрі, радикалды солшыл СИРИЗА коалициясының көшбасшысы Алексис Ципрас елдің үкіметін құрды

154 0

 Грекияның премьер-минстрі, радикалды солшыл  СИРИЗА коалициясының көшбасшысы Алексис Ципрас елдің үкіметін құрды, деп хабарлады Lenta.ru Reuters-қа сілтеме жасап. Негізінен, бұрынғы министрлер орындарын сақтап қалды.

Атап айтқанда,  Евклид Цакалотос (Euclid Tsakalotos) қаржы министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті Янис Варуфакис отставкаға кеткеннен кейін Ципрас кабинеті өкілеттігін тоқтатқаннан соң уақытша үкімет қалыптасқанға дейін 6 шілдеден 28 тамызға дейін  атқарды.

Никос Котзиас (Nicos Kotzias) сыртқы істер министрі, Панос Скурлетис (Panos Skourletis) энергетика министрі болып қайта сайланды. Коалиция бойынша СИРИЗА одақтасы - "Тәуелсіз гректер" оңшыл партиясының көшбасшысы Панос Камменос қайта қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Дүйсенбіде, 21 қыркүйекте Ципрас үкіметтің жаңа басшысы ретінде ант қабылдады.

Кезектен тыс сайлауға 20 тамызда жариялаған Ципрастың отставкаға кетуі себеп болды. 27 тамызда Грекия президенті конституция негізінде Жоғарғы Сот төрағасы етіп премьердің міндетін атқарушы Василика Тану-Хрестофилді  тағайындап, оған уақытша кабинет құруды тапсырды.


Тегтер:

Грекия СИРИЗА

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!