Рим Папасы мұсылман қауымына көңіл айтты

Фотография - Рим Папасы мұсылман қауымына көңіл айтты

АҚШ-та сапармен жүрген Рим Папасы Франциск бүгін Нью-Йорктегі Ұлы Патрик кафедралды шіркеуіне барды.

832 0

АҚШ-та сапармен жүрген Рим Папасы Франциск бүгін Нью-Йорктегі Ұлы Патрик кафедралды шіркеуіне барды.

Онда понтифик Меккедегі қажылық кезінде құрбан болғандың қазасына байланысты мұсылман жұртына көңіл айтты. Алдымен барша мұсылман баласын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаған ол: «Бір Алла үшін бауырларыммен бірге сыйындым», - деп атап өтті. Естеріңізге салсақ, Меккеге қажылық парызын өтеуге келгендердің шайтанға тас ату кезінде болған кептелісінен 717 адам қаза тауып, 900-ге жуығы жараланған болатын.

Франциск, Рим Папасы:

- Мұсылман бауырларым мен қарындастарым үшін екі нәрсеге тоқталып өтпекпін. Біріншіден, шалған құрбандықтары қабыл болсын деп, ыстық лебізімді жеткізгім келеді. Екіншіден, Меккедегі қайғылы оқиға байланысты мұсылман халқының қазасына ортақтасып, көңіл айтамын. Мейірімді Алла жолында бауырларыммен бірге менің де тілектестігім ортақ.

 

24.kz


Тегтер:

Рим Папасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!