Меккеде қажылық өткізу тәртібі өзгертіледі

Фотография - Меккеде қажылық өткізу тәртібі өзгертіледі

Кешегі қайғылы оқиғадан кейін Сауд Арабиясының королі Салман қажылық өткізу тәртібін өзгертуді бұйырды.

227 0

Кешегі қайғылы оқиғадан кейін Сауд Арабиясының королі Салман қажылық өткізу тәртібін өзгертуді бұйырды.

Еске сала кетейік, Меккенің дәл іргесіндегі Мина жазығында қаптаған жұрт бір-бірін таптап 717 адам опат болған еді. Жараланғандардың саны 800-ден асады. Қасіретті оқиға шайтанға тас лақтыру рәсімі кезінде болған. Бұл соңғы 25 жылда қажылық кезінде болған ең қайғылы жағдай. Иранның діни жетекшісі аятолла Хаменеи қажылыққа барған жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған Сауд Арабиясының басшылығын айыптады. Ресми Тегеранның мәлімдеуінше, осы қасіретте Иранның 41 азаматы қаза тауып, алпыстан аса адам жарақаттанған. Сауд Арабиясының патшасы Салман елдің құқық қорғау орындарына осы апатты мұқият тергеуді бұйырды.

Салман, Сауд Арабиясының патшасы:

- Тергеу нәтижелеріне қарамастан, қажылықты өткізу тәртібі өзгертіледі. Осыған қатысты бүкіл тұлғаларға саясаты мен міндеттерін қайта қарастыруды бұйырдым.

24.kz


Тегтер:

қажылық мекка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!