Жапонияның Спорт министрі мемлекетке жартыжылдық жалақысын қайтарады

Фотография - Жапонияның Спорт министрі мемлекетке жартыжылдық жалақысын қайтарады

Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және техника министрі Хакубун Симомура мемлекетке өзінің жартыжылдық жалақысы мен сыйақысын қайтармақ

160 0

Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және техника министрі Хакубун Симомура мемлекетке өзінің жартыжылдық жалақысы мен сыйақысын қайтармақ. Министр Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізудің негізгі орнына  айналуы тиіс болған «Ёёги» жаңа стадионына қатысты туындаған дау үшін жауапкершілікті өзіне алуға дайын, деп хабарлайды РИА Новости.

Симомура мемлекетке барлығы 900 мың иена (7,5 мың доллар) қайтарады. Бұл амал оның парламент депутаты ретінде алатын жалақысына қатысты болмайды. Министрден басқа, жоғары қызметтегі тағы бірнеше шенеунік өз жалақыларының бір бөлігін қайтармақ. 

 

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!