Таиланд полициясы Бангкоктағы жарылысқа күдікті адамның есімін атады

Фотография - Таиланд полициясы Бангкоктағы жарылысқа күдікті адамның есімін атады

Таиланд полициясы 17 тамыз күні ел астанасында 20 адамның өмірін қиған жарылысқа кінәлі болуы мүмкін адамның есімін атады.

262 0

Таиланд полициясы 17 тамыз күні ел астанасында 20 адамның өмірін қиған жарылысқа кінәлі болуы мүмкін адамның есімін атады. 

Полицияның мәліметтерінше, оны түрік төлқұжатына ие Адем Карадаг орындаған.

"Полицияда күдіктінің бейнесі бірнеше рет жазылған бейнебақылау таспалары, сондай-ақ Карадагтың өзінің куәгерлік түсініктемелері мен кінәні мойындауы бар", - деп мәлімдеді полициядан.

Карадагты 29 тамызда, полицияның шамалауынша, жарылысқа қатысы бар адамдар екі бомбаны қолдан жасалған пәтерде ұстады. Бастапқыда тергеу елден кетіп үлгермеген Карадагты шабуыл қатысушысы ғана деп есептеген.

17 тамызда Бангкоктың орталық ауданындағы Эраван индуистік ғибадатханасының қасында болған жарылыс салдарынан 20 адам, соның ішінде тоғыз шетелдік азамат қаза тапты. Таиланд полициясы Бангкоктағы жарылыс этникалық ұйғырлардың Қытайға депортациялануына байланысты болуы мүмкін деп айтқан. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!