Ресей, Сирия, Иран және Ирак Бағдадта "Ислам мемлекетімен" күресу үшін ақпараттық орталық ашты

Фотография - Ресей, Сирия, Иран және Ирак Бағдадта "Ислам мемлекетімен" күресу үшін ақпараттық орталық ашты

Ресей, Сирия, Иран және Ирак Бағдадта "Ислам мемлекетімен" күресті үйлестіру үшін ақпараттық орталық ашты.

998 0

Ресей, Сирия, Иран және Ирак Бағдадта "Ислам мемлекетімен" күресті үйлестіру үшін ақпараттық орталық ашты. Бұл туралы ТАСС-қа әскери-дипломатиялық дереккөз хабарлады.

"Таяу болашақта орталықтың ойдағыдай қызметі оның негізінде "Ислам мемлекетімен" күресіп жатқан осы төрт елдің қарулы күштері бөлімшелерін басқару мен операцияларды жоспарлау мақсатында үйлестіру комитетін құруға жағдай туғызады", - деп хабарлады ол.

Агенттік сұхбаттасушысының атап өтуінше, Бағдадта құрылған орталықта Ресей, Сирия, Иран және Ирак бас штабтарының өкілдері жұмыс жасайтын болады. "Бұл құрылымның негізгі қызметі "Ислам мемлекетімен" күрес тұрғысынан тауяшығыстық аймақтағы ағымдағы жағдай туралы ақпараттарды жинау, өңдеу, қорыту және талдау болмақ және оны тиісінше көрсетілген елдердің бас штабтарына беріп отырады", - деп түсіндірді ол.

Дереккөздің айтуынша, ақпараттық орталықты төрт елдің қарулы күштерінің офицерлері үш айдан ротациялық негізде басқарады. "Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес таяудағы үш айда ақпараттық орталықты ирак тарапы басқарады", деп нақтылады агенттік сұхбаттасушысы. 

Сурет puggep.com сайтынан

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!