Брюссельде босқындармен "Ынтымақтастық маршы" өтеді

Фотография - Брюссельде босқындармен "Ынтымақтастық маршы" өтеді

Бұл ерекше акциясның мақсаты - соғыс пен қудалаудан өз елдерінен Еуропаға қашқан адамдармен ынтымақтастықты көрсету. "Ынтымақтастық маршы" соңғы аптадағы ең бұқаралық акция болмақ.

184 0

Бүгін Бельгия астанасында Еуроодақ аумағына келген босқындармен "Ынтымақтастық маршы" өтеді. Бұл туралы бельгиялық "Босқындар мен шетелдіктер үшін үйлестіру және бастамалар" үкіметтік емес ұйымының Facebook-тегі парақшасында айтылған.

Бұл ерекше акциясның мақсаты - соғыс пен қудалаудан  өз елдерінен Еуропаға қашқан адамдармен ынтымақтастықты көрсету. "Ынтымақтастық маршы" соңғы аптадағы ең бұқаралық акция болмақ.

"Еуропа онжылдықтағы ең аукыр көші-қон дағдарысын бастан өткеруде. Соғыс пен қудалаудан зардап шеккен ер адамдар, әйелдер және балалар Еуропадан пана іздеп, қатерлі сапарға шықты. Алайда олар мұнда келгеннен кейін де көптеген кедергілерге  және тиісінше қабылдамау проблемаларына кезігуде",- делінген белсенділердің мәлімдемесінде.

"Біз бірлесе отрып, біздің үкіметті халықаралық  міндеттемелерді құрметтеуге, барлық босқындарды қабылдауда лайықты жағдай туғызуға  шақырамыз. Біз ксенофобия мен нәсілшілдіктің әртүрлі көріністеріне "ЖОҚ" дейміз", - делінген Facebook-тегі CIRÉ парақшасында.

Facebook-тің 17 мыңнан астам пайдаланушылары азаматтық ынтымақтастық акциясына әзір екендіктерін қуаттады. Осыған байланысты түстен бастап бірнеше сағатқа ішінара Брюссельдің орталық көшелерінде қозғалыс тоқтатылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!