Мексикада 43 студенттің жоғалғанына бір жыл толуына байланысты марш өтті

Фотография - Мексикада 43 студенттің жоғалғанына бір жыл толуына байланысты марш өтті

Игуала қаласындағы наразылық шарасына қатысқан студенттерді сыбайласқан полицейлер қоршап, кейін оларды жергілікті есірткі барондарына тапсырған. Олар болса студенттерді өлтіріп, денелерін өртеп жіберген.

256 0

Мехико қаласында 43 студенттің жоғалғанына бір жыл толуына байланысты марш өтті. Оны тағдыры әлі күнге дейін белгісіз болып отырған жастардың ата-аналары өткізді.

Қолдарына балаларының фотосуреттерін ұстаған олар мыңдаған адам сапқа тұрған көшелермен өтті.

Ата-аналар үкімет істің тергелуін халықаралық бақылаудағы арнайы бөлімшеге тапсырғанын қалап отыр.

Жоғалған студенттердің туыстары тергеудің ресми нұсқасын мойындамауда. Олардың пікірінше, ел билігі жастардың өлтірілуіне жоғары азаматтық және әскери шенеуніктердің қатысы бар екенін жасырғысы келеді.

Тергеу қызметінің ресми нұсқасына сәйкес, Игуала қаласындағы наразылық шарасына қатысқан студенттерді сыбайласқан полицейлер қоршап, кейін оларды жергілікті есірткі барондарына тапсырған. Олар болса студенттерді өлтіріп, денелерін өртеп жіберген.

Алайда қыркүйек айында өткен жылы елдің батысындағы Герреро штатында студенттердің жоғалуын егжей-тегжейлерін тергеп отырған тәуелсіз комиссия бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Вашингтондағы Адам құқықтары жөніндегі Америкааралық комиссияның тәуелсіз тергеушілері жас азаматтардың денелері өртелгенін растайтын айғақ таппағандарын мәлімдеді. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!