Қайтыс болған қажылар үшін Сауд Арабиясы кешірім сұрау керек - Аятолла Хаменеи

Фотография - Қайтыс болған қажылар үшін Сауд Арабиясы кешірім сұрау керек - Аятолла Хаменеи

Ираның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Меккеде қайтыс болған 160 ирандық үшін Сауд Арабиясынан кешірім сұрауды талап етті.

215 0

Ираның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Меккеде қайтыс болған 160 ирандық үшін Сауд Арабиясынан кешірім сұрауды талап етті. 

Өзінің жеке сайтында аятолла Эр-Рияд тарапына бірнеше сұрағының бар екенін жазған. Сондай-ақ, Саудия билігі өзгелерді айыптай бермей, қайтыс болған жүздеген адамның туыстарынан кешірім сұрауы тиіс дейді Әли Хаменеи.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабия билігі Иран таққан айыптарды толық жоққа шығарып, Тегерандағылар қайғылы оқиғаны саясиландырғысы келіп отыр деп өздерін айыптаған болатын.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Меккеге қажылыққа барған 717 мұсылман Мина жерінде бірінбірі таптап қайтыс болған еді. 800-ден астам адам осы оқиға салдарынан жарақат алды. Соңғы 25 жылда қажылықта мұншама адам қаны төгілмеген.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!