Цукерберг босқындар лагерлерін интернетпен қамтуға уәде берді

Фотография - Цукерберг босқындар лагерлерін интернетпен қамтуға уәде берді

Цукербергтің айтуынша, интернет-байланыс босқындарға тезірек көмек алуға және туған-туыстарымен хабар алмасып отыруға көмектеседі.

271 0

 Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг босқындар лагерлерін интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл жайында ол Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның тұрақты даму саммиті аясында өткен форумда айтты деп жазады ТАСС. 

Цукербергтің айтуынша, интернет-байланыс босқындарға тезірек көмек алуға және туған-туыстарымен хабар алмасып отыруға көмектеседі. Қазіргі таңда Жер тұрғындарының тек жартысының ғана интернетке қолы жеткен деп атап өтті ол.

"Егер сіздер адамдардың азық-түлік, медициналық көмек, білім алуына көмектескіңіз келсе бүкіл әлемге байланыс орнату керек. Интернет қазіргідей тек 3 млрд адамға ғана қолжетімді болмауы керек" деді ол аталған жиын барысында.

Facebook басшысы сөзіне мысал ретінде Эфиопия мен Танзания шаруаларын келтірді. Аталған елдерде ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын диқандар интернет арқылы бақылап, ауа райының қолайсыздығы жағдайында интернет арқылы өнімдерін сақтандырады.

"Соңғы бірнеше аптада біз Еуропаға жүз мыңдап ағылып келген мигранттарды көрдік. Олардың интернетке қолжетімділері артта қалған туыстарымен байланысып, өздерінің қайда екенін хабарлап отырды" дейді Цукерберг. 

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!