Бүгін түнде ай қызыл түске боялады

Фотография - Бүгін түнде ай қызыл түске боялады

Оның үстіне қазір Ай мен Жердің арасы барынша жақындай түскен. Сондықтан, Жер тұрғындарының осынау құбылысты арнайы аппараттарсыз-ақ көруге мүмкіндігі бар.

278 0

 Қыркүйектің 27-нен 28-не қараған түні Жер тұрғындары Айдың қызыл түске боялғандығын көре алады деп хабарлайды CNN.

Мұндай құбылыс Айдың толуы мен тұтылуы қатар келген сәтте орын алады. Жердің көлеңкесі бүгін түнде Айдың бетін Күннен толық жабатынын бұған дейін астролог-мамандар хабарлаған болатын. Жер көлеңкесі қызғылт түсті екенін ескерсек, Айдың да беті дәл сондай түске боялады.

Оның үстіне қазір Ай мен Жердің арасы барынша жақындай түскен. Сондықтан, Жер тұрғындарының осынау құбылысты арнайы аппараттарсыз-ақ көруге мүмкіндігі бар.

Мамандардың айтуынша, Айдың қызыл түске боялуы сирек орын алатын құбылыс. Ең соңғы рет бұл жағдай 1982 жылы тіркелген болса, келесісі 2033 жылы орын алады деп күтілуде. 


Тегтер:

Ай мен Жер Ай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!