Бразилияда футбол стадионында кедейлердің үйлену тойы өтті

Фотография - Бразилияда футбол стадионында кедейлердің үйлену тойы өтті

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жергілікті футбол стадионында кедейлерге арналған үйлену тойы өтті.

252 0

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жергілікті футбол стадионында кедейлерге арналған үйлену тойы өтті. Неке қию салтанатына 400-ге жуық жұп қатысқан, деп хабарлйды "Русская служба новостей". Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты рәсімде ұзақ жылдары бойы бірге тұратын, бүгінде балалары мен немерелерін тәрбиелеп отырған жас жұбайлар неке қиған. Кедейлерге арналған жаппай үйлену тойы Бразилияда қатарынан тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Жас жұбайларға қойылатын басты талап – ай сайынғы отбасылық табыс бір мың доллардан асып кетпеуі тиіс. Неке қию салтанатына қатысу тегін, рәсім аяқталғаннан кейін шаңырақ көтерген әр жұпқа ресми неке туралы сертификат табыс етіледі. 

Өткен жылы Рио-де-Жанейрода өткен жаппай үйлену тойында 2 мыңға жуық жұп отау құрған болатын.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!