Каталония Испаниядан бөлініп шығуы мүмкін

Фотография - Каталония Испаниядан бөлініп шығуы мүмкін

Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуы әбден мүмкін.

197 0

Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуы әбден мүмкін.

 Парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары бойынша автономдық облыстың тәуелсіздік алғанын қалайтын партиялар жеңіске жетті. Бюллетеньдердің барлығы дерлік саналып біткен. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Каталония президенті Артур Мас бастаған коалиция 62 депутаттық мандатқа ие болады. Аталған өңірдің егемендікке қол жеткізуін мақсат ететін тағы бір саяси ұйымның 10 өкілі парламент мүшесі болғалы тұр. Демек бұл – Каталония тәуелсіздігі үшін күрескерлер 135 орындық өңірлік заң шығарушы органның жартысынан көбін жеңіп алды деген сөз. Енді 14 қазан күні саяси доданың нақты қорытындылары жария етіліп, жаңадан жасақталған Каталония парламенті өз жұмысын бастайды.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!