Жас тәжік әйелі өзін үш баласымен Вахшқа тастады

Фотография - Жас тәжік әйелі өзін үш баласымен Вахшқа тастады

Вахш ауданының 23 жасар тұрғыны Саломат Пирова өзінің үш сәбиінің өліміне себепкер болды. Оқиға 21 қыркүйек күні орын алды.

173 0

Тәжікстанда жас келіншек өзін үш кішкентай баласымен бірге өлтірмек болып, Вахш өзеніне лақтырды. Бұл туралы "Азия-Плюс" хабарлады.

Вахш ауданының 23 жасар тұрғыны Саломат Пирова өзінің үш сәбиінің өліміне себепкер болды. Оқиға 21 қыркүйек күні орын алды. Алдын ала тергеу мәліметіне қарағанда, әйел алдымен күйеуінің үйін өртеген. Сосын үш баласын алып, өздерін Вахш өзеніне лақтырды. Балалар бірден ажал құшты. Осылайша 4-тегі Алишер атты ұлы, 2-дегі Садбарг және 6 айлық Сумайя деген екі қызы көктемей жатып солды. Жергілікті тұрғындар олардың жансыз денелерін алып шықты.

Ал әйелге аман алып қалудың орайы келді. Ол қазір аудандық ауруханада жатыр. Әзірге келіншектің неге мұндай қадамға барғаны шегіне дейін белгісіз болып отыр. Алайда, болжам бойынша, бұған отбасының өте кедей тұрғаны әсер еткенге ұқсайды. Отағасы Ахлиддин Абдуллоев содан 8 күн ғана бұрын ғана жергілікті базарға шек жинаушы болып жұмысқа тұрған екен.

Тәжікстанда осыған ұқсас жағдай биылғы 5 шілдеде де болды. Душанбе қаласында Яван ауданының тұрғыны Парвина Абдуллоева өзін үш баласымен бірге Душанбе өзеніне тастады. Мұнда да балалар бірден қаза тауып, әйел аман қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай жағдайға отбасындағы ұрыс-керістер мен әйелдердің басқа біреуге кетіп қалған күйеулерін қызғанулары мұрындық болады. Қазір Парвина Абдуллоеваның ісі сотқа өткізілді. Оны 15 жылдан 25 жылға дейін түрмеде отыру жазасы күтіп тұр.

ras.kz


Тегтер:

Тәжікстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!