Кеше Таулы Қарабақта 10 сарбаз қаза тапты

Фотография - Кеше Таулы Қарабақта 10 сарбаз қаза тапты

Дүйсенбіге қараған түні Таулы Қарабақ аумағында қарулы қақтығыс салдарынан 10 сарбаз мерт болды деп хабарлайды Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі. Қаза тапқандардың үшеуі - әзірбайжан, жетеуі армян азаматтары

403 0

Дүйсенбіге қараған түні Таулы Қарабақ аумағында қарулы қақтығыс салдарынан 10 сарбаз мерт болды деп хабарлайды Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі. Қаза тапқандардың үшеуі - әзірбайжан, жетеуі армян азаматтары.

Ведомствоның хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні екі тарап та бір-біріне оқ жаудырған. Ал, Әзірбайжан бұл қақтығысқа Армения әскерін кінәлап отыр. Қарсыластың қарулы шабуылына тосқауыо қою мақсатында оқ атуға тура келді дейді қорғаныс министрлігіндегілер.

Ал, Армения тарабы болса бұл жайтқа байланысты әлі жақ ашқан жоқ. Бұған дейін екі ел де бірін-бірі айыптап келген болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Қарабақта тағы оқ атылып, 5 жауынгер қаза тапқан еді. Жалпы, өткен апта аймақтың тыныштығы бұзылды. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!