Неміс лагерінде жүздеген босқын тамаққа таласып, төбелес шығарды

Фотография - Неміс лагерінде жүздеген босқын тамаққа таласып, төбелес шығарды

Германияның Кассель қаласындағы әуежайда ашылған лагерде тамаққа таласқан босқындар арасында төбелес шығып, 14 адам жараланды.

417 0

Германияның Кассель қаласындағы әуежайда ашылған лагерде тамаққа таласқан босқындар арасында төбелес шығып, 14 адам жараланды.

Полицейлердің айтуынша, жанжал екі топ босқындар арасында туған. Бір жағында 300-ге жуық, екінші жағында 70-ке тарта адам біріне-бірі қарсы тұрған. Төбелесті тоқтатуға араласқан полицейлер мен лауазымды тұлғалар да жараланған.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге құқық қорғау қызметкерлері оқиғаға қатысты бірде-бір адамды ұстаған жоқ. Босқындардың біраз бөлігі басқа лагерге ауыстырылды.

Жалпы, Касселя лагері мың адамға шақталғанына қарамай, мұнда қазір 1,5 мың адам орналасқан. Босқындар 20 мемлекеттен, басым бөлігі Сирия, Албания және Пәкістаннан келген.

Неміс үкіметі жыл соңына дейін елге 1 миллионға жуық босқын келуі мүмкін деп болжап отыр. Германия оңшылдар қозғалысы мен ұйымдарының өкілдері босқындардың көптеп келуіне ашық түрде қарсылықтарын білдіріп отыр. Өткен демалыс күндері Мекленбург жеріндегі қалаларда — Батыс Померанияда бірнеше наразылық акциясы өтті. Штральзунд қаласында оңшылдар мен антифашистер арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жараланды.

Лейпцигте 400-ге тарта адам исламға қарсы ереуіл ұйымдастырды. Бременде белгісіз топтар босқындарға арнап тігілген шатырларды өртеп жібермек болды. бұған дейін дәл осындай исламға қарсы акциялар Ұлыбритания жерінде де өткен болатын.

 

 

Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!