Хорватияға бір тәулікте бес мыңдай мигрант кірген

Фотография - Хорватияға бір тәулікте бес мыңдай мигрант кірген

Мигранттарға қатысты дағдарыс басталғалы Хорватияға 82 мың босқын бас сауғалаған. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлайды.

220 0

Мигранттарға қатысты дағдарыс басталғалы Хорватияға 82 мың босқын бас сауғалаған. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Тек соңғы бір тәулік ішінде ғана мемлекет аумағына 4 жарым мың келімсек заңсыз өтсе керек. Олардың барлығы көршілес Сербиядан келген. Хорватияны транзитті мемлекет ретінде көретін мигранттар осылайша Батыс Еуропа елдеріне жетпекші болады екен.

Саид әл-Мусави, Ауғанстаннан келген мигрант:

- Біз мұнда жету үшін көптеген мемлекет арқылы өттік. Қазір күн өте суық. Көбісінің ыстығы көтеріліп, ауырып қалған. Балаларға да оңай соқпай тұр. Бірақ діттеген жерімізге жетпей қоймаймыз.

 Исмаил, Сириядан келген босқын:

- Сирияда өмір сүру мүмкін емес. Халық соғыстан көз ашпай келеді. Елде жарық айына екі рет қана қосылады. Су аптасына бір мәрте ғана беріледі. Ғаламтор деген атымен жоқ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!