Канадада лаңкестікке қатысты төрт адам азаматтығынан айырылды

Фотография - Канадада лаңкестікке қатысты төрт адам азаматтығынан айырылды

Канадада ланкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен 4 адам азаматтығынан айырылды.

226 0

Канадада ланкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен 4 адам азаматтығынан айырылды.

Терроризмге қарсы әрекет ету заңы осындай құқық беріп отыр. Тергеушілердің пікірінше, аталған азаматтардың үшеуі «Торонто 18» тобының мүшелері болған. Закария Амара, Асада Ан-сари және Саада Халиде 2006 жылы Торонто қаласында ланкестік әрекет жоспарлап, халықаралық террорлық топтармен байланысы үшін абақтыға қамалды. Тағы біреуі Мұхаммед Херси «Аш-Шабаб» сомалилік экстремистік тобының мүшесі болуына ниет білдіргені үшін құжатынан айырылды. Ансари 5 жыл бұрын қамаудан босатылды. Өзгелеріне осындай хабарландыру жіберілді. Кезінде олар Пәкістан мен Иордания елдерінің азаматтары болған. Алдағы уақытта тағы 10 канадалық азаматтығынан айырылатын түрі бар. Олардың барлығы Отанына опасыздық етіп, тыңшылық жасағандар. Кейбіреулері заңсыз қарулы бірлестіктерде мүше болғаны үшін қамауға алынған.

Джейсон Кенни, Канаданың Қорғаныс министрі:

- Бұл азаматтар Канада еліне деген жек көрінішін айқын көрсетті. Сол себепті азаматтықтан айырылды. Егер біздің мемлекетке қастандық жасау мақсатында қолына қару алатын адамдар болса, біз оларды соттап, азаматтықтан айырамыз. Менің ойымша, мұндай шешім үкіметтің позициясын нақты айқындайды.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!