Еуропаға жыл басынан бері 520 мыңнан астам мигрант келді

Фотография - Еуропаға жыл басынан бері 520 мыңнан астам мигрант келді

Еуропаға жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы 522 мың 134 мигрант келді. Бұл туралы Женевада Халықаралық көші-қон ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

214 0

 Еуропаға жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы 522 мың 134 мигрант келді. Бұл туралы Женевада Халықаралық көші-қон ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Мигранттар мен босқындардың басым бөлігін – 388 мың 324 адамды Грекия қабылдады. Италияға 130 мың 891 адам келді. Грекияға бас сауғалағандардың басым бөлігін сириялықтар (175 мың 375) мен ауғандар (50 мың 177) құрап отыр, Италияға негізінен эритреялықтар (30 мың 708) мен нигериялықтар (15 мың 113) қоныс аударған.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, 17 қыркүйектен бері Еуропаға ағылған мигранттар мен босқындардың саны 49 мың адамға артқан. 2 мың 892 адам теңізде опат болған.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!