Италияның жағалаудағы күзеті 1100-ден астам мигрантты құтқарып қалды

Фотография - Италияның жағалаудағы күзеті 1100-ден астам мигрантты құтқарып қалды

Өткен тәуліктің ішінде Италияның жағалаудағы күзеті Жерорта теңізінде 11 құтқару операциясын өткізген, соның арқасында 1151 мигрант аман қалды.

217 0

Өткен тәуліктің ішінде Италияның жағалаудағы күзеті Жерорта теңізінде 11 құтқару операциясын өткізген, соның арқасында 1151 мигрант аман қалды. 

Бұл туралы Италияның жағалаудағы күзетінің сейсенбі күні жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасаған Еуропа БАҚ-тары хабарлап отыр.

Тәулік ішінде жағалаудағы күзет қызметінің аса ауқымды операциясы өткізілгені атап өтіледі. Ол Жерорта теңізін төрт үрмелі қайықпен өтпек болған 441 адамды өз бортына алды.

Бұдан басқа, "Dignity One" кемесіне мінген "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы 373 мигранттың өмірін сақтап қалды. Олардың арасында 62 әйел мен 10 бала болған.

Еске сала кетейік, алдағы уақытта Еуроодақ Жерорта теңізінде заңсыз мигранттарды тасымалдаушылармен күресті күшейтуді жоспарлап отыр. Дүйсенбі күні ЕО Саясат және қауіпсіздік бойынша комитеті 7 қазан күні ЕО-тың "София" (EUNAVFOR Меd) әскери-теңіздік іс-қимылдарының екінші кезеңін іске қосу туралы шешімін бекітті.  Енді іс-қимылдарға қатысып отырған арнайы жасақтар контрабандашылардың кемелерін түгел тексере алатын болады. 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!