Ташкенттегі АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Фотография - Ташкенттегі АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы АҚШ елшілігіне белгісіз біреу қолдан жасалған бірнеше жарылғыш зат лақтырды.

213 0

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы АҚШ елшілігіне белгісіз біреу қолдан жасалған бірнеше жарылғыш зат лақтырды. Абырой болғанда жараланғандар жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.
"28 қыркүйек күні таңғы сағат 7:30-да белгісіз біреу АҚШ елшілігінің аумағына жарылғыш зат лақтырды. Бөтелкелердің бірі елшілік аумағында жарылды, абырой болғанда ешкім жараланған жоқ. Қазір елшілікте қауіпсіздік шаралары күшейтілді", - дейді Интерфакс басылымы елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Ташкенттегі АҚШ елшілігіне жасалған шабуылдардың алғашқысы емес. 2004 жылдың 30 шілдесінде Өзбекстан астанасының бірнеше жерінде жарылыс ұйымдастырылған болатын. Жарылыстардың бірі дәл осы елшілікке жақын маңда болған. Лаңкестік актілер кезінде бірнеше адам қаза тапты, олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!