Қытайдағы жарылыстар: Полиция күдіктіні атады

Фотография - Қытайдағы жарылыстар: Полиция күдіктіні атады

ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, жарылыстар туралы іс қылмыс ретінде қаралуда, күдікті лаңкестікке айыпталып отырған жоқ.

282 0

Қытай полициясы сәрсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Лючжоу округінде болған 15 жарылысты ұйымдастыруға күдіктіні атады, деп хабарлады Би-би-си-дің орыс қызметі.
Жаңа хабарларға қарағанда, жарылыс салдарынан жеті адам мерт болды, 50-ден астам адам жарақаттанды, екеуі із-түзсіз кетті.

ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, жарылыстар туралы іс қылмыс ретінде қаралуда, күдікті лаңкестікке айыпталып отырған жоқ.

Жарылыс туралы іс бойынша Дапу ауылының тұрғыны, тегі Вей деген 33 жастағы ер адам ұсталды. Басқа ештеңе айтылмаған. Қылмыстың себептері де айтылған жоқ.

 «Қоғамдық қауіпсіздік органдары бар күш-жігерін жұмсап, істі тергеуде», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Үкіметтік Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, күндізгі сағат үш пен бестің арасында Лючжоу шағын қаласы мен оның айналасында 15 жарылыс болды. Жергілікті аурухана, қалалық базарлар, сауда орталығы, автобус стансасы және бірнеше үкіметтік ғимараттар, соның ішінде түрме мен шенеуніктер жатақханасы зақымдалған. 

Полицияның алдын ала болжамдары бойынша, бомба мекен-жайларға сәлемдеме ретінде жіберіліп, «шұғыл жеткізу» деп тапсырыс берілген.

Сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде  оқиға орнынан көптеген фотосуреттер жарияланды. Суреттерде түтіндеп жатқан үйінділер және қираған көшелер көрінеді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!