БҰҰ штаб-пәтерінде Палестина туы көтерілді

Фотография - БҰҰ штаб-пәтерінде Палестина туы көтерілді

Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Палестина туы көтерілді.

130 0

Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Палестина туы көтерілді.

 Әлем тарихында алғаш рет болған салтанатты шараға палестиндіктердің көсемі Махмұд Аббас қатысты. Автономия 2012 жылы қарашада халықаралық ұйымға байқаушы ретінде қабылданған болатын. Енді Палестина қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуы үшін Қауіпсіздік кеңесінің рұқсаты қажет.

Махмұд Аббас, Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы:

- Бұл біз үшін мақтан тұтар ерекше күн.Тарихи сәтті пайдалана отырып, халқыма қайда жүрсең де туыңды көкке асқақ ұста дегім келіп отыр. Себебі бұл палестиндіктердің сана-сезімінің жоғары екенінің бірден-бір белгісі.

24.kz
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!