"Дуджуан" тайфуны Қытайға 377,5 млн доллар шығын келтірді

Фотография - "Дуджуан" тайфуны Қытайға 377,5 млн доллар шығын келтірді

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында сейсенбі күні "Дуджуан" тайфуны соғып, ел экономикасына 2,4 млрд юаньға жуық (377,5 млн доллар) шығын келтірді

151 0

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында сейсенбі күні "Дуджуан" тайфуны соғып, ел экономикасына 2,4 млрд юаньға жуық (377,5 млн доллар) шығын келтірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Қытайдың орталық телевизиясына сілтеме жасап. 

Табиғи апат әсіресе Фуцзянь провинциясының Путьян округын ойран етті. Тайфун ошағында желдің жылдамдығы секундына 33 метрге дейін барған, салдарынан провинцияның 600 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды.

Жойқын дауылдан ауыл шаруашылығына арналған 57 мың га алқапқа зиян келіп, 400-ге тарта үй қирады, сонымен қатар ұзындығы 200 метрге жететін теңіз бөгетінің бір бөлігі бүлінді.

Фуцзянь провинциясының билігі 430,2 мың адамды эвакуациялауға мәжбүр болып отыр.

 

bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!