Қай елден қанша қажы қайтыс болды?

Фотография - Қай елден қанша қажы қайтыс болды?

Мәліметтер арасында айырмашылықтың себебі әзірге беймәлім болып отыр, дегенмен фотосуреттер арқылы қай елден қанша қажы қайтыс болғанын анықталған.

482 0

Үндістан және Пәкістан мемлекеттері Сауд Арабиясы шетелдік елшілерге алып кранның құлауы мен Минадағы жаншылғандардың 1100 фотосуретін жібергенін хабарлайды. Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратында кран құлаған уақытта 107 адам, ал қыспақ кезінде қайтыс болғандар саны 769 деп көрсетілген.

Мәліметтер арасында айырмашылықтың себебі әзірге беймәлім болып отыр, дегенмен фотосуреттер арқылы қай елден қанша қажы қайтыс болғанын анықталған. Бұл турасында OnIslam.net. ақпарат орталығы хабарлайды.

Мысыр елінің Уақыптар министрлігінің мәлімдемесінде Египеттен барғандардың арасында 55 жан қайтыс болып, 26 қажы корольдік ауруханада жатқаны айтылады. Ал, 120 қажы жоғалғандардың қатарына жатқызылған.

Түрік билігі Меккедегі қайғылы оқиға кезінде 3 азаматынан айырылғанын хабарлаған.

Нигерия мемлекетінен 54 қажы қаза тауып, 61 жан дене жарақатын алған.

Бангладеш мемлекетінің Қажылық істері агенттігінің ақпаратында 18 жанның көз жұмып, 90 қажының із-түссіз кеткені айтылады.

Меккедегі қыспақ кезінде Пәкістан мемлекеті 42 азаматынан айырылған. Ал, дене жарақатын алғандардың саны 33 болып отыр. Хабарсыз кеткендері – 63 адам.

Аталмыш мемлекеттер арасында едеуір шығынға ұшыраған Иран мемлекеті болып отыр. Қайғылы апаттар кезінде 136 ирандық көз жұмып, 340 жан жоғалғандар қатарында болып отыр.

Ал, Үндістан қажылар қатары 35 жанға азайған. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсуі мүмкін делінген хабарламада.

Меккедегі қайғылы оқиға Нигер елінен – 22 қажы, Камеруннан – 14, Чад мемлекетінен – 11, Алжир – 8, Сенегалдан –5, Танзаниядан келген 5 қажының өмірін қиған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!