Ханзадалар Сауд Арабиясы королін тақтан тайдырығысы келеді

Фотография - Ханзадалар Сауд Арабиясы королін тақтан тайдырығысы келеді

Саудиялық жоғары лауазымды ханзадалардың бірі Сауд Арабиясының билік басында отырғандарды орындарынан алып тастау керек деген үндеу жариялады.

285 0

Саудиялық жоғары лауазымды ханзадалардың бірі Сауд Арабиясының билік басында отырғандарды орындарынан алып тастау керек деген үндеу жариялады. Ол өз үндеуінде мұнай бағасын құлдырауына, қасиетті Мекке шаһарында екі бірдей қайғылы апаттың орын алуына жол беріп отырған ел билігін ауыстыру қажет деп айтқан.

Мемлекеттің құрушысы Абдул Азиз ибн Саудтың немерелерінің бірі (аты-жөні жеке қауіпсіздігі мақсатында берілмеген) ел тағына Салман отырғалы бері король әулеті мен халық арасцында алаңдаушылық пайда болғанын айтады. Ол осы уақытқа дейін Салманды тақтан тайдыру турасында екі рет үндеу жариялап үлгерген.

"Король қалыпты жағдайда емес, ал шындығына келсек, елді королдің ұлы Мохаммед бин Салман басқарып отыр", – дейді ол. Оның айтуынша, жақын күндері 4-5 ханзада бас қосып, аталмыш мәселе бойынша ақылдасатын көрінеді.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!