Үндістанда сиыр етін жеген азаматты таспен атқылап өлтірді

Фотография - Үндістанда сиыр етін жеген азаматты таспен атқылап өлтірді

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Үндістанда бір топ адам 50 жастағы Мұхаммед Ахлакты (Mohammad Akhlaq) тепкінің астына алды, одан кейін таспен атқылап өлтірді.

219 0

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Үндістанда бір топ адам 50 жастағы Мұхаммед Ахлакты (Mohammad Akhlaq) тепкінің астына алды, одан кейін таспен атқылап өлтірді. Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Дадри қаласында болған, деп хабарлайды Bnews.kz.
Оқиға кезінде Ахлактың 22 жастағы ұлы ауыр жараланған. Полицейлер адамды өлтіру оқиғасы діни сипатта болғанын анықтады.
The Indian Express газетінің хабарлауынша, жергілікті шенеуніктердің бірі жергілікті тұрғындар арасында Ахлактың сиырларды сойып, оның етін өз үйінде сақтағаны туралы әңгімені таратқан. Бұл өсек-аяң жергілікті ғибадатханалардың бірінде тарап кетеді.

Қаза тапқан азаматтың отбасы үйлеріндегі тоңазытқышта сиыр етін емес, қой етін сақтап жүргенін айтады. Полиция етті сараптамаға жіберді. Адам өлтіру күдігімен алты адам қамауға алынды, деп хабарлайды ВВС.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!