АҚШ-та жолы болғыш лотереядан 301 млн доллар ұтып алды

Фотография - АҚШ-та жолы болғыш лотереядан 301 млн доллар ұтып алды

Барлық алты саны сәйкес келген билет Мичиган штатында сатылған. Жолы болғыш адамның есімі хабарланбай отыр. Белгілісі, ол сәтті лотерея билетін жанар май құю бекетінен сатып алған.

421 0

 АҚШ-та Powerball лотереясының 301 млн долларға тең джекпоты иесін тапты. Бұл туралы ұтыс ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазады ТАСС.
 Барлық алты саны сәйкес келген билет Мичиган штатында сатылған. Жолы болғыш адамның есімі хабарланбай отыр. Белгілісі, ол сәтті лотерея билетін жанар май құю бекетінен сатып алған. 

Лотерея 44 штатта, Колумбия федералдық округінде және Виргиния аралдарында ойнатылады. Билеттің құны 2 доллар. "Сәтті" деп саналатын сату нүктелерінде аса ірі көлемде ұтыс ойнатылатын күннің қарсаңында бағын сынап көрушілерден үлкен кезек түзілетін көрінеді. 

Естеріңізде болса, АҚШ-та тағы бір беделді лотерея – Mega Millions 656 млн АҚШ долларына тең рекордтық көлемдегі джекпотын 2012 жылы ойнатқан еді. Онда бірден үш билет жүлделі болып, бас сома олардың иелері арасында бөлінді. Ал Powerball-дың 590 млн долларға тең ең ірі ұтысы 2013 жылы мамырда ойнатылды. Ол Флорида тұрғынына бұйырған болатын.  
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!