Рамзан Қадыров Сирияға шешен сарбаздарын жіберуге дайын

Фотография - Рамзан Қадыров Сирияға шешен сарбаздарын жіберуге дайын

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Сириядағы соғысқа шешен жауынгерлерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді

708 0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Сириядағы соғысқа шешен жауынгерлерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Ол өз сарбаздарының "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымымен күресетінін айтып отыр, деп жазды baq.kz.

"Мен мұны жайдан-жай айтып отырғаным жоқ. Мен мұсылман ретінде, шешен ретінде және Ресейдің патриоты ретінде айтып отырмын. 1999 жылы біздің республиканы осы шайтандар басып алған кезде біз Құран ұстап ант бердік: өміріміздің соңына дейін, қай жерде болсақ та олармен күресіп өтеміз деп. Мен біздің әскерімізді Сирияға жіберуін сұраймын" деді Қадыров "Русское радио" тілшілеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, шешімді жоғарғы қолбасшы мен РФ президенті шығарады.

"Сириядағы экстремистер шешендер келе жатыр дегенді естігенде өздері-ақ қашып кетеді. Өйткені, олар біледі Шешенстанның терроризммен қалай күрескенін және жеңгенін" деді Қадыров өз сөзінде. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!