Йемен Иранмен дипломатиялық қатынасын үзбегенін мәлімдеді

Фотография - Йемен Иранмен дипломатиялық қатынасын үзбегенін мәлімдеді

Йемен билігі Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзбегенін ресми түрде мәлімдеді.

213 0

Йемен билігі Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзбегенін ресми түрде мәлімдеді.

 Бұған дейін йемендік телеарна екі ел арасындағы іскерлік байланыстың тоқтағаны туралы ақпар таратқан болатын. Таяу Шығыс елінің президенті Мансұр Хади ресми Тегеранды "хуситтерге көмек көрсетеді" деп бірнеше рет айыптағаны белгілі. Аталған көтерілісші топ жыл басында билікті өз бақылауына алған болатын. Бүлікшілерге қарсы мемлекеттік әскер біраз уақыт күрес жүргізіп келді. Бірақ бұл әрекеттер жемісін бермеген соң, наурыз айында қақтығысқа Сауд Арабиясы бастаған коалиция араласқан болатын. Әскери қауымдастық хуситтерді әлі күнге дейін әуеден атқылап жатыр.
 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!