Америкалықтар әлемдегі ең мықты жасанды жүректі жасап шығарды (ВИДЕО)

Фотография - Америкалықтар әлемдегі ең мықты жасанды жүректі жасап шығарды (ВИДЕО)

Жұмсақ материалдардан жасалған мүше басқа құралдарға қарағанда сұйықтықтың көп көлемін өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

546 0

Америка ғалымдары әлемдегі ең мықты жасанды жүректі жасап шығарды. Жұмсақ материалдардан жасалған мүше басқа құралдарға қарағанда сұйықтықтың көп көлемін өткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Advanced Materials.
Иілгіш силиконнан жасалған жасанды жүрек қатты материалдан жасалған кардиопротездерге қарағанда ішіне ауаның өткізілуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында мүше кәдімгі жүрек тәрізді жұмыс істейді.

Сыртқы сорғы дене тіндерімен химиялық реакцияға түспейтін материалдардан жасалған. Оның көмегімен ауа мен сұйықтық жасанды жүрек арқылы өтеді. Протез пластиктің жұқа қабатымен жабылған, бұл материалдардың ағып кетуіне жол бермей, терінің рөлін атқарады.

Төрт камерадан тұратын адам жүрегіне қарағанда, жаңа аппараттың екі камерасы ғана бар. Ғалымдар олардың арасындағы сұйықтықтың тұрақты өтіп тұруына сорғыға ауа кіргізу арқылы қол жеткізгені атап өтіледі.

Әзірге жасанды жүрек медициналық мақсатта пайдалануға дайын емес. Бұл адам денесі температурасының жағдайында силикон көпіршігі қасиетінің әзірге түсініксіз болуымен түсіндіріледі. Бұдан басқа, өткізілетін сұйықтықтың жылдамдығы  адам жүрегінің жұмысына толық сәйкес келмей отыр. 

ҚазАқпарат 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!