Брюссель марафонына 15 мыңнан астам адам қатыспақ

Фотография - Брюссель марафонына 15 мыңнан астам адам қатыспақ

Бүгін Бельгия астанасында есеп бойынша 12-ші дәстүрлі жеңілатлетикалық халықаралық марафон өтеді. Оған әлемнің 66 елінен 15 мыңнан астам әуесқой спортшының қатысуы күтіліп отыр.

160 0

Бүгін Бельгия астанасында есеп бойынша 12-ші дәстүрлі жеңілатлетикалық халықаралық марафон өтеді. Оған әлемнің 66 елінен 15 мыңнан астам әуесқой спортшының қатысуы күтіліп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 42 шақырымдық бағдар Брюссельдің орталық және шығыс бөліктерімен өтеді. Осыған байланысты қаланың негізгі жолдарындағы қозғалыс жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жартылай тоқтатылмақ.

Қашықтығы 42 шақырымды құрайтын негізгі марафоннан басқа, сондай-ақ жартылай марафон (21 шақырым), шағын марафон (5 шақырым) және балаларға арналған жүгіру (1 шақырым) өтеді.

Марафон өткізудің 11 жылында ерлер арасындағы жарыста 9 рет Кения атлеттері және небәрі 2 рет бельгиялық қатысушылардың жеңімпаз болғанын атап өту керек.

Әйелдер арасындағы жарыста 4 рет Кенияның нәзік жандылары, 3 рет бельгиялық әйелдер жеңіске жетті, сондай-ақ Дания, Нидерланды, Франция және Швейцария спортшыларының еншісінде бір жеңістен бар. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!