Қырғызстанда парламент сайлауы басталды (ФОТО)

Фотография - Қырғызстанда парламент сайлауы басталды (ФОТО)

Бүгін 08:00-де Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын парламенттік сайлау бойынша сайлау учаскелері ашылды.

236 0

Бүгін 08:00-де Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын парламенттік сайлау бойынша сайлау учаскелері ашылды.

Бішкектегі №70 мектеп-гимназиясында №1216 сайлау учаскесінің жұмысы ашылған. Сайлау комиссиясының төрайымы Наталья Беловолова дауыс беру процедурасы туралы баяндап берді.

"Біздің учаскемізде 1615 сайлаушы тіркелген. Қазіргі кезде бізде 42 байқаушы тіркелді. Дауыс беру таңертеңгі сағат 8-де басталды. Арнайы жәшіктер қойылған, автоматты түрде есептейтін құралдар мен операторлар жұмыс істеуде. Барлық мәліметтер бірден мониторларға шығып отырады", - деп хабарлады Н.Беловолова.

Дауыс беру процедурасында дауыс берушінің саусақ іздерін сканерден өткізіліп, сол уақытта оның фотосуреті мониторға шығарылып, реттік нөмірі белгіленеді.  Мемлекеттік тіркеу қызметінің өкілі биометрлік мәліметтердің негізінде чек береді. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бұл чек арқылы жеке мәліметтерді сайлау тізімдерімен салыстырып, дауыс беру үшін арнайы бюллетень ұсынады. Одан кейін сайлаушы дауыс беруге арналған арнайы кабинкаға барып, соңғы кезеңде ресімделген бюллетеньді арнайы жәшіктің есептеу құралына салады.

"Электрондық жәшік бюллетеньдердің санын ғана тіркейді, ал кешке дауыс беру аяқталған соң кімнің кімге дауыс бергені есептеледі. Қазірдің өзінде қанша адамның дауыс бергенін көруге болады. Бұл учаскеде тіркелуі бар және біздің тізімдерімізге енгізілген сайлаушылар ғана дауыс бере алады. Бөгде адамдар олай істей алмайды", - деп сендірді комиссияның төрайымы. 

null null null null null 


Тегтер:

Қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!