Германияға жыл соңына дейін 1,5 млн босқын келуі мүмкін

Фотография - Германияға жыл соңына дейін 1,5 млн босқын келуі мүмкін

Германия үкіметі жыл соңына дейін елге 1,5 млн босқын келеді деп болжайды. Бұл алдыңғы болжамнан 1,5 есеге көп деп жазады Build басылымы ел үкіметінің 5 қазанда жариялайтын баяндамасына сілтеме жасап.

242 0

Германия үкіметі жыл соңына дейін елге 1,5 млн босқын келеді деп болжайды. Бұл алдыңғы болжамнан 1,5 есеге көп деп жазады Build басылымы ел үкіметінің 5 қазанда жариялайтын баяндамасына сілтеме жасап.

"Қысым одан әрі өсе бермек. Бізде күн сайын шекарадан 8 мыңнан 10 мыңға дейін босқын заңсыз өтеді" делінген аталған баяндамада. Құжатта айтылғандай, босқын санының одан әрі көбеюі жергілікті тұрғындардың еркін өмір сүруіне, билік өкілдерінің тұрақты жұмыс істеуіне кедергісін келтірмей қоймайды.

Сонымен қатар, Берлинде баспанамен қамтамасыз етілген босқындар туыстарын ертіп келе ме деген қауіп бар. Таяу Шығыстан үлкен отбасылар қабылданғандығын ескерсек, ерте ме, кеш пе, олардың туыстары Германия жеріне кеп қоныстанады делінген баяндамада.

Айта кетейік, Еуропада бақылаусыз босқындардың ағылуынан дағдарыс күшеюде. ЕО қауіпсіздік агентінің 4 қазанда берген мәліметінше, Еуроодақ шекарасын жыл басынан бері тек теңіз арқылы 500 мың мигрант кесіп өткен. Ал, БҰҰ оның алдағы екі жылда 850 мың болуы мүмкін деп болжап отыр.

Ал, 22 қыркүйекте ЕО Әділет және ішкі істер кеңесі Италия мен Грекиядан 120 мың босқынды Еуроодақ аймағына орналастыруға келісім берді. Мұны одаққа мүше елдердің көпшілігі мақұлдаған болатын. Бұл шешімге тек Чехия, Венгрия, Румыния және Словакия елдері қарсы шықты. Ал, Финляндия болса, мүлде араласпады.

Босқындар одаққа мүше елдердің экономикасына, мемлекеттегі өмір сүру деңгейіне, халқының санына байланысты бөлінуі тиіс. Ал, мигранттарды қабылдаудан бас тартқандар елдегі жалпы ішкі өнімнің 2 мың пайызын құрайтын айыппұл төлейтін болады.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!