Дельфин суға телефонын түсіріп алған сұлуды қуантты (ВИДЕО)

Фотография - Дельфин суға телефонын түсіріп алған сұлуды қуантты (ВИДЕО)

Багам аралдарында биші Тересса Сидің басынан таңғаларлық оқиға өтті. Дельфин оның суға түсіріп алған айфон телефонын тауып алып берді.

206 0

 Багам аралдарында биші Тересса Сидің басынан таңғаларлық оқиға өтті. Дельфин оның суға түсіріп алған айфон телефонын тауып алып берді. 
Бойжеткен танысына өзінің смартфонын беріп, оны суретке түсіруін сұраған, бірақ жігіт абайсызда гаджетті суға түсіріп алды.

"Біз Атлант мұхитының ортасында жүзетін платформада түсірілім жүргізгенбіз. Мен телефонымды ұстай тұру үшін біреуге бергем. Бірақ ол абайсызда суға түсіріп алды", - деп жазды америкалық азаматша Инстаграм парақшасында.

Дельфин су түбіне кетіп бара жатқан айфонды байқап, оған қарай жүзді. Куәгерлер дельфиннің айфонды сүңгіп алып шығып, гаджетті адамдарға бергенін бейнетаспаға түсіріп үлгерді.

Бойжеткеннің Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілеріне жариялаған бейнені ғаламтор пайдаланушылары 2,5 миллионнан астам рет көрді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!