Ливия жағалауында бес күн ішінде 100-ге жуық босқынның мәйіті табылды

Фотография - Ливия жағалауында бес күн ішінде 100-ге жуық босқынның мәйіті табылды

Бұл жайлы Press TVтелеарнасы Қызыл жарты ай қоғамы қызметкерлерінің мәлімдемесіне сүйеніп хабарлайды.

282 0

Бұл жайлы Press TVтелеарнасы Қызыл жарты ай қоғамы қызметкерлерінің мәлімдемесіне сүйеніп хабарлайды. 

 Қызыл жарты ай қоғамының өкілі Мохамед әл-Масратидің хабарлауынша, 85 адамның мүрдесі Ливия астанасы Триполи маңынан табылса, тағы 10 мәйіт Сабрата қаласына жақын маңнан табылған.

Әл-Масратидің мәліметінше, қаза тапқандардың көбі Ливиядан Еуропаға бет алмақшы болған Африка елдерінің босқындары екендігі анықталған.

Суға батқан босқындардың денесі Еуропаға Ливия, Грекия мен Түркия жағалауларынан мигранттар ағыны толастап кеткен кезден бастап табылған, деп түйіндейді телеарна.

Көші-қон жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметіне сай, Италия мен Грекия елдерінің теңіз жолдары арқылы Еуропаға Таяу Шығыстан келген мигранттар саны жарты миллион – яғни, 522 мың 134 адамға көбейген, деп хабар таратты РИА Новости. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!