Малайзияда қою түтін кесірінен мектептер жабылды

Фотография - Малайзияда қою түтін кесірінен мектептер жабылды

Малайзия билігі 2 күнге жергілікті мектептерді жабуды ұйғарды.

530 0

Малайзия билігі 2 күнге жергілікті мектептерді жабуды ұйғарды.

Оған көршілес Индонезияда беті қайтпай тұрған орман өрті себеп. Тілсіз жаудың кесірінен елді көк түтін басқан. Осы ретте тыныс алу ауруларына шалдыққан 135 мың адам медициналық көмекке жүгініпті. Жалпы НАСА мамандарының пайымдауынша, Индонезияда өршіп тұрған биылғы қызыл жалынның рекордты көрсеткішке жететін түрі бар. Күні бұрын осының кесірінен Малайзияның бірқатар әуежайында сапарлар кейінге шегерілген болатын.

Мұхаммед Заиди Хамид, инженер:

- Мен мұнда Саравак штатынан келіп отырмын. Жол алыс, сол себепті ұшаққа билет алғам. Алайда әуе сапарлары кейінге шегерілгендіктен, үйге қайта алмай отырмын.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!