Инфекция және безгекпен күрес үшін Нобель сыйлығы берілді

Фотография - Инфекция және безгекпен күрес үшін Нобель сыйлығы берілді

Нобель сыйлығының көлемі 2015 жылы 8 млн. швециялық кронды ($952 мың) құрайды.

365 0

Үш ғалым Нобель сыйлығының физиология және медицина саласындағы 2015 жылғы лауреаты атанды. Сыйақының жартысы паразит құрттар тудыратын  инфекциялардан емделудің жаңа әдісін тапқаны үшін Уильям Кэмпбэлл мен Сатоси Омураға, екінші жартысы безгекті емдеудің жаңа әдісі үшін Юю Туға берілді, деп хабарлайды Утро.ру. 
Жеңімпаздардың есімін профессор-генетик, физиология және медицина бойынша Нобель комитетінің хатшысы Урбан Лендал жариялады. Салтанатты шара Стокгольмдегі Каролина институтында өтті. Ұйымдастырушылар хабарлағандай, медицина бойынша Нобель сыйлығына үмітті 327 ғалымның 57-сі алғаш рет бұл тізімге іліккен.

Нобель сыйлығының көлемі 2015 жылы 8 млн. швециялық кронды ($952 мың) құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!