АҚШ-та ұшқыш рейсті орындау барысында қайтыс болды

Фотография - АҚШ-та ұшқыш рейсті орындау барысында қайтыс болды

АҚШ-та Аризона штатының бас қаласы Финикстен Бостон қаласына ұшып шыққан әуе рейсінің ұшқышы рейсті орындау барысында, сапар кезінде қайтыс болды.

281 0

АҚШ-та Аризона штатының бас қаласы Финикстен Бостон қаласына ұшып шыққан әуе рейсінің ұшқышы рейсті орындау барысында, сапар кезінде қайтыс болды деп хабарлады CNN арнасы. 

Ұшақ "American Airlines" әуекомпаниясына тиесілі болған. Телеканалдың хабарлауынша, әуе кемесінде 147 адам болған. Жолаушылардың бақытына орай, екінші ұшқыш ұшақты Сиракьюс әуежайына жайлы қондырды.

Әуе компаниясының ресми өкілі пилоттың өліміне қатысты ешқандай ақпарат таратқан жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!