Канадада адамды көшеде садақпен атып өлтірген

Фотография - Канадада адамды көшеде садақпен атып өлтірген

Канаданың Китченер қаласында көшеде белгісіз "мерген" ер адамды садақпен атып өлтірді, деп хабарлайды СВС телеарнасы.

266 0

Канаданың Китченер қаласында көшеде белгісіз "мерген" ер адамды садақпен атып өлтірді, деп хабарлайды СВС телеарнасы. 

Оқыс оқиға орын алған ауданда 8 мектеп жабылды. Қала билігі мерген ұсталмағанша, тұрғындардан мүмкіндігінше көшеге шықпауды өтініп отыр.

Полициядан мәлімдегендей, жекеменшік үйлердің бірінде аулада жүрген ер адамды белгісіз біреу атып өлтірген. Қапелімде ажал құшқан адамның жасы мен аты-жөні нақтыланбады. Итімен серуендеуге шыққан көршісі ер адамның қиналып жатқанын байқап қалып, дереу ақ халаттыларды көмекке шақырады. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қазір төтенше жағдай ауданы қоршауға алынды. Тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алуда.

Китченер Канаданың ірі мегаполисі саналатын Торонто қаласынан батысқа қарай 110 км қашықтықта орналасқан, деп жазады ИТАР-ТАСС.

 

 

BNews.kz

 


Тегтер:

садақ канада

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!