Швецияда Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

Фотография - Швецияда Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

Олар медицина саласындағы жетістіктері үшін табысталды.

300 0

Олар медицина саласындағы жетістіктері үшін табысталды.

Мәртебелі марапаттың бірінші бөлігі ирландиялық Уильям Кэмпбелл мен жапондық Сатоши Омураға берілген. Олар «авермектин» деп аталатын жаңа дәрі ойлап тапқан. Бұл дәрі онхоцеркоз, яғни «өзен соқыр» ауруын емдеуде тиімді. Аталған инфекцияны адам өзендердің жағасында тіршілік ететін шіркейлерден жұқтырады. Сыйлықтың екінші жартысы қытайлық ғалым Юю Туға тапсырылды. Ол «артемизинин» дәрісін жасаған. Бұл дәрі безгектен қаза табу мүмкіндігін азайтады. Нобель комитетінің өкілдері екі жаңалық та жыл сайын жүздеген миллион адамға зардабын тигізетін індеттермен күресте мықты құрал екенін атап көрсетті. Бір ғана безгектің өзі жылына 500 мың адамның өмірін жалмайды екен. Қаза тапқандардың дені – Африканың кедей елдерінің тұрғындары. Олардың арасында балалар да аз емес.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!