Ливия жағалауында 2000-ға жуық босқын құтқарылды

Фотография - Ливия жағалауында 2000-ға жуық босқын құтқарылды

Ливия жағалауында Еуропаға жетуге тырысқан 1830 босқын құтқарылды

235 0

Ливия жағалауында Еуропаға жетуге тырысқан 1830 босқын құтқарылды деп хабарлайды AFP агенттігі. 

Дереккөздің хабарлауынша, бұл жағдай Ливия жағалауына жақын маңда орын алған. Алты кемедегі мигранттарды құтқаруға Италия, Ирландия және Ұлыбританияның жағалау күзетінің мамандары қатысты.

Айта кетейік, Таяу Шығыс пен Африкадан Еуропаға заңсыз ағылған босқындар саны күн санап артып келеді. Ағымдағы жылдың сегіз айында ЕО мүше елдердің аумағына келу үшін 300 мыңнан астам мигрант Жерорта теңізі арқылы өтпекші болды. Оның ішінде 2,5 мың босқын үшін бұл қайғылы жағдайлармен аяқталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!