Сирия билігі ИМ Пальмирадағы амфитеатрды миналағанын мәлім етті

Фотография - Сирия билігі ИМ Пальмирадағы амфитеатрды миналағанын мәлім етті

"Ислам мемлекетінің" содырлары сириялық Пальмира қаласындағы амфитеатрды миналады. Содырлар шабуыл жасағанда немесе көктен шабуылдағанда оны жарамыз деп қорқытып отыр.

425 0

"Ислам мемлекетінің" содырлары сириялық Пальмира қаласындағы амфитеатрды миналады.  Содырлар шабуыл жасағанда немесе көктен шабуылдағанда оны жарамыз деп қорқытып отыр.   Сонымен қатар көктен шабуылдау жалғасатын болса, онда олар қалған ескерткіштерді жаратынын айтты, деп хабарлады шетелдік БАҚ сириялық билікке сілтеме жасап.
Сирия билігі олардың әрекеті адамгершілік пен өркениеттен жат екенін хабарлады.  

Атап өту керек, бірнеше күн бұрын ИМ содырлары Пальмирадағы ежелгі Триумфалды арканы жарған. Мамандар атап өткендей, оның тұрғызылғанына шамамен 2 мың жыл болған.

Осыған дейін топ Пальмирадағы біздің заманымыздағы  I ғасырда салынған Баал-Шамин көне ғибадатханасын қиратқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!