Бетперде киген қарақшылар Сбербанктен 12 миллион алып кетті

Фотография - Бетперде киген қарақшылар Сбербанктен 12 миллион алып кетті

Қылмыс Мәскеу уақытымен сағат 20.25 шамасында Ленинград тас жолындағы банкте жасалды

287 0

Қылмыс Мәскеу уақытымен сағат 20.25 шамасында Ленинград тас жолындағы банкте жасалды. Белгісіз біреулер қаланың солтүстігіндегі банк бөлімшесіне кіріп, еденге қарата бірнеше рет оқ атқан. Жұртты дүрліктірген тонаушылар 12, 6 миллион рубль салынған бес кассетаны алып кетті.

Артынша қаскөйлер қара түсті иномаркамен оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлады мәскеулік ІІМ.

Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тонаушылар мен көлікті іздестіруде.  

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!