Қаңғыбас иттерді атпақ болған Кубань тұрғыны досын өлтіріп алды

Фотография - Қаңғыбас иттерді атпақ болған Кубань тұрғыны досын өлтіріп алды

Крым ауданының Новоукранинский кентінде абайсызда досын өлтіріп алған жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам қаңғыбас иттерді атып жүріп, мектепте бірге оқыған досын мерт қылды

223 0

Крым ауданының Новоукранинский кентінде абайсызда досын өлтіріп алған жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам қаңғыбас иттерді атып жүріп, мектепте бірге оқыған досын мерт қылды, деп жазды ҚазАқпарат.

Мылтық даусы мен адам айқайын естіген жергілікті тұрғындар полицияны шақырған. Жедел топ оқиға орнына келген кезде, жәбірленуші әлі тірі еді. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жіберілді. Бірақ ер адам  жолда көз жұмды.

Оқиғаның куәгерлері оқиға орнында жергілікті тұрғынды көргендерін айтып берді. Күдікті ер адам ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Тауықтарын ұрлаған жабайы иттердің көзін жоямын деп жүргенде иттер қашып, соңынан қуалай атқанда оқ абайсызда танысына тиген. Бірінші оқ жарақаты ауыр болмаған, ал екіншісі жәбірленушінің өмірін қиып кетті.

Оқиға фактісімен "Абайсызда адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!