АҚШ-та фабрика жұмысшысы лотереядан $310,5 миллион ұтып алған

Фотография - АҚШ-та фабрика жұмысшысы лотереядан $310,5 миллион ұтып алған

АҚШ-та фабриканың қарапайым қызметкері ұлттық лотереядан 310 миллион доллар ұтып алды.

166 0

АҚШ-та фабриканың қарапайым қызметкері ұлттық лотереядан 310 миллион доллар ұтып алды.

Джекпоттың иесі Мичиган штатында тұрады екен. Ұтыс шыққанын естіген 50 жастағы Джули Линч бірден фабрикадағы жұмысынан кетуді ұйғарыпты. Енді миллиондаған долларға ол жер алып, отбасы үшін зәулім үй салмақ. Жалпы АҚШ заңнамасы бойынша, лотерея жеңімпазы бір жолғы төлем ретінде ұтыстың тек бір бөлігін ғана алады. Осылайша, барлық салықтарды шегергеннен кейін, Джули Линч шамамен 200 миллион долларға иелік ете алады.

Джули Линч, Powerball лотереясының жеңімпазы:

- Мен бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым. Жұмыстан қатты шаршап шығып, ауқаттануға дәмханаға кіргенмін. Тапсырысымды күткенше, бекер отырмайын деп, сандарды тексердім. Сол кезде жеңгенімді түсіндім. Өз көзіме сене алмай, бірден жұмысыма барып, әріптестерімнен барлығын қайта тексеріп шығуды сұрадым.

24.kz


Тегтер:

лотерея ақш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!