Обама Ауғанстан госпиталіне жасалған шабуыл үшін кешірім сұрады

Фотография - Обама Ауғанстан госпиталіне жасалған шабуыл үшін кешірім сұрады

Вашингтон Ауғанстанның Құндыз қаласындағы госпитальге АҚШ ӘӘК тарапынан жасалған шабуылдар үшін "Шекарасыз дәрігер" гуманитарлық ұйымынан кешірім сұрады

243 0

Вашингтон Ауғанстанның Құндыз қаласындағы госпитальге АҚШ ӘӘК тарапынан жасалған шабуылдар үшін "Шекарасыз дәрігер" гуманитарлық ұйымынан кешірім сұрады. АҚШ президенті Барак Обаманың өзі осы мәселе бойынша ұйым басшысы доктор Джоан Льюге жеке телефон шалған. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест мәлім етті. Оның айтуынша, Обама, сондай-ақ, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзайға хабарласып, бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты көңіл айтқан. 

 "Президент доктор Льюді қорғаныс министрлігі бұл істі жіті зерттеп, болған оқиға бойынша шынайы, жан-жақты әрі объективті есеп беретініне сендірді. Одан соң, қажет болса, президент мұндай қайғылы жайттар болашақта қайталанбас үшін тиісті өзгертулер енгізетін болады, - деді Эрнест.

Алайда, "Шекарасыз дәрігер" ұйымы өз госпиталіне жасалған авиасоққыны «әскери қылмыс» деп санайды, сондықтан оны оқиғаға қатысы бар тараптар емес, тәуелсіз халықаралық комиссия тергеуі керек деп есептейді.

"Біз президент Обаманы осындай комиссия құруға келісім беруге шақырамыз. Бұл, өз кезегінде, америкалық үкімет халықаралық гуманитарлық құқық пен соғыс жүргізу ережесін құрметтейтінін дәлелдер еді. Мәселе Құндыздағы біздің қызметкерлеріміз бен науқастардың қазасы жайында ғана емес, жалпы әлем бойынша соғыс аумақтарында жүрген дәрігерлердің қауіпсіздігі туралы, - деді ұйымның атқарушы директоры Джейсон Коун.

Естеріңізге сала кетейік, Құндыздағы госпитальге жасалған әуе шабуалдары салдарынан 22 адам көз жұмып, ондаған адам жараланды. Аталған оқиға бойынша зерттеу жұмыстарын Пентагон, НАТО мен Ауғанстан билігі жүргізіп жатыр.  

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!